Мухамедиева Айжан Турсыновна » Бибақан негізгі мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Бибақан негізгі орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72859) 3-34-10
Есепші бөлімі:
+7(72859) 3-34-10
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
сентябрь
2008

Мухамедиева Айжан Турсыновна

  Мен Мухамедиева Айжан Турсыновна  1963 жылы 9 қарашада  Жетісу облысы Алакөл ауданы ( бұрынғы Талдықорған облысы Андреев ауданы) Жыланды ауылында дүниеге келдім. 1971 жылы 1қыркүйекте Жыланды  қазақ-орыс орта мектебінің  1 «А» қазақ сыныбына барып, 1981 жылы оныншы сыныпты бітіріп шықтым. Осы жылы Семей қаласындағы Жеңіл өнеркәсіп  техникумына түстіп, 1984 жылы техник-конструк мамандығы  бойынша диплом алып бітіріп шықтым. Техникумды бітіріп шыққан кейін жолдама  бойынша  Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы, Глубокий ауылынадағы тігін фабрикасында художник-конструктор болып  жұмыс істедім. 1989 жылы  Жетісу облысы, Алакөл ауданы (бұрынғыТалдықорған облысы Андреев ауданы) Шынжылы ауылындағы  Шынжылы негізгі орта мектебіне қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұалімі  қызметіне қабылданып  2006 жылғы 31 тамызға дейін жұмыс істедім.Осы аталған оқу орнында істеп жүріп  1999 жылы Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының фиолология факультетіне  оқуға түстім. 2003 жылы  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің  маманы бойынша диплом алып бітіріп  шықтым. 2006-2008 оқу жылдарында  Алакөл ауданы Қабанбай ауылдағы    № 3 Қабанбай орта мектебіне қабылданып, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ бердім. 2008 жылы 1-қыркүйектен 2013 жылдың қараша айларында   Бибақан негізгі орта мектебіне директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқардым. 2013 жылы қараша  айынан желтоқсан айының 30 дейін  уақытша мектеп директорының міндетін атқардым. 2013 жылдың 30 желтоқсанынан бастап 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін мектеп директоры қызметін атқардым.  Қазіргі уақытта  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен осы жоғарыда аталған мектепте жұмыс істеп жатырмын.1991 жылы желтоқсан айында  тұрмыс құрдым. Отбасында жолдасым және үш балам бар.1.КиыновАсхат Жанахметович-жолдасым.
2.Жанахметова Назгүл Асхатқызы- 1992 жылы туған
3.Жанахметова Айгерім Асхатқызы-1994 жылы туған  ( тұрмыста 2021 жылы)
4.Асхатұлы Мағжан-2001 жылы туған.
Мекен жайымыз
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Бибақан ауылы, Желтоқсан көшесі, 17А үй

Жетысуская область, Алакольский район, село Бибакан, улица Желтоксан 17А
©2016-2022, Ресми сайт Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "Бибақан негізгі мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru